Өнiмдер » «Бюджеттік қаржыландыру ЖӨБ» модулі

Мақсаты:
«Бюджеттік қаржыландыру ЖӨБ» модулі «Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына трансферттер беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 195 бұйрығына сәйкес, бюджеттік бағдарламалар әкімшілер деңгейінде бюджеттің орындалу үрдісін және салық түсімдерін жүргізуді автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Функционалдық мүмкіндіктер:
- Қазақстан Республикасы мен Мемлекеттік Мекмелердің Біріңғай Бюджеттік Жіктелуі бөлінісінде бюджеттік тізімді жасау процессін автоматтандыру
- Қазынашылық үлгісі бойынша жоспарлар көрсеткіштерін автоматты жүктеу
- Специфика немесе бағдарламаға дейін таңдау мүмкіндігі бар Қазынашылық форматында жоспарларды жүктеп алу
- Жоспарлы көрсеткіштердің өзгеруін есепке алу;
- ММ бойынша өзгерістерді электронды жүктеп алу және енгізу
- Жоспарлы көрсеткіштері бар өзгерістерді енгізу барысындағы бақылау (артық сома бойынша мекеме/бағдарлама/специфика және айы нұсқалған хабарлама белгіленеді)
- Қазынашылық формаларынан тіркелген міндеттемелері бар міндеттемелер бойынша анықтаманы және кассалық шығындары бар төлемдер бойынша өзгерістерді енгізу барысындағы бақылау
- 19.03.2015 жылғы ҚР ҚМ №195 бұйрығына сәйкес, 2-43 нысаны бойынша салық төлеушілерге дейін егжей-тегжейлі ауылдық округтердің ЖӨӨБ түсімдерін автоматты бөлу
- Бюджеттің кіріс бөлімі кодтары бөлінісінде түсімдерді сараптау үшін есепті қалыптастыру
- 4-20 Қазынашылық нысандарын автоматты жүктеу
- Ай сайын (4-20 нысанды) және күн сайын (5-02 және 5-17 нысандары) ММ қалдықтары бойынша есеп жүргізу
- Қаржыландыру жай-күйі туралы есептердің кең жиынтығы

ББӘ-нің Қаржы бөлімімен байланысы:
- Бекітілген жоспарларды енгізген кезде деректерді жүктеу
- Жоспарлардың өзгеруі, бақылау және жоспарларды сараптау өтінімдерін Қаржы Бөліміне жүктеу
- «Бюджетное финансирование» модуліне ауылдық/қалалық округтер әкімдері бөлінісінде бюджеттің кіріс бөлімдері кодтары бойынша кірістерді автоматты жүктеу
- ауылдық/қалалық округтер әкімдері және бюждеттің кіріс бөлімі кодтары бөлінісінде, кез келген уақыт аралығындағы есептің қажетті сараптамалық ерікті нысандарын алу