Компания туралы

«ПАРУС-КАЗ» компаниясы - мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық ұйымдар үшін автоматтандырылған ақпараттық-аналитикалық жүйелерді Қазақстандағы ірі жасаушылардың бірі.

Компания 1996 жылдан бері Қазақстанның ақпараттық технологиялар индустриясында жұмыс істейді. «ПАРУС-КАЗ» компаниясының жалпы клиенттерінің саны - 3 мыңнан астам мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық құрылымнан тұрады.

«ПАРУС-КАЗ» компаниясы бағдарламалық өнімді автоматтандыру үшін сонымен бірге бағдарламаны енгізу, оқыту қызметтерін және методологиялық кешенді шешімдерін ұсынады.

Компанияның іс-әрекетінің маңызды бағыты бюджеттік сектордың ұйымдары үшін: әкімшіліктердің, қаржы органдарының, Бюджеттік Бағдарламалардың Басқарушыларының, орталық бухгалтериялардың, бюджеттік мекемелердің, мемлекеттік коммуналды кәсіпорындардың автоматтандырылған жүйесінің жасалуы болып келеді. Біз ұсынған, өнімдер мен қызметтер кешені арқылы мынадай міндеттерді шешуге болады: бюджеттік есепті және есеп берудің сапасын көтеру, бюджетті жоспарлау және орындаудың сапасын көтеру, ҚР мемлекеттік мекемелерінің іс-әрекетінің тиімділігін бағалауын және мониторингін ұйымдастыру.

«ПАРУС-КАЗ» компаниясының клиенттері: Ақмола, Алматы, Шығыс-Қазақстан, Оңтүстік-Қазақстан, Қостанай, Солтүстік-Қазақстан, Павлодар, Қызылорда, Батыс-Қазақстан, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарының бюджетті жоспарлау мен орындау бойынша органдары және мемлекеттік мекемелері болып келеді.


Ұсыныстар мен пікірлер:



2018 жыл




2017 жыл




2016 жыл







2012 жыл